АШМ-нің лауазымды тұлғасы Қаржы полициясы қызметкеріне пара берген

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстарын күзету және қолдану бойынша Есіл бассейні инспекциясының бастығы Н. Атшабаров шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

АШМ-нің лауазымды тұлғасы Қаржы полициясы қызметкеріне пара берген

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте құқық қорғау органының баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстарын күзету және қолдану бойынша Есіл бассейні инспекциясының бастығы Н. Атшабаров шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ол тергеуге дейінгі тексеріс материалы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін Астана қаласы қаржы полициясының инспекторына 4 мың АҚШ долларын беру кезінде ұсталды»,-деді Т. Нәбиева.

Оның айтуынша, Атшабаров сонымен қатар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, мекемеде қаралмаған кеңесші лауазымына Л. деген азаматшаны тағайындап, оған тиісті жалақыны есептеу арқылы 205 мың теңгені қолды қылған.