АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы және бірқатар комиссиялар бекітілді.

АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

Кеңестің төрағасы ретінде қазір ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин тағайындалды. Кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды.

Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық әлеуетін дамытуды  интегациялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы  істер жөніндегі комиссиялар құрылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл комиссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, әртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы.