АШМ: Шымкент қаласындағы аумақтық инспекцияның жұмысы тексеріледі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – БАҚ-та және әлеуметтік желіде көрсетілген шағымдарға сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласындағы аумақтық инспекцияның жұмысын тексеруді қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент және Түркістан аумақтық мемлекеттік инспекторлары ерте піскен қырыққабатқа сертификат беру үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.
«Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдік өнімдерінің экспорты үшін 10,0 мыңнан астам фитосанитариялық сертификаттар, оның ішінде ерте піскен қырыққабатқа 2,5 мың сертификат берген. Жуырда фермерлердің жаппай сертификат сұратуына байланысты Шымкент және Түркістан аумақтық инспекциясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті», делінген хабарламада.
Қырыққабатты экспорттауға қажетті құжаттар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық аумақтық инспекцияларында тапсырылу қажет.
«Мамыр айында олар 2,7 мыңнан астам өтініш қабылданды. Осы айда мамандар 2,7 мың фитосанитария және 164 карантин сертификатын берді. Өсімдіктердің карантиндік тексеруін жүргізетін әр мемлекеттік инспектор күн сайын фермерлердің 40-қа жуық өтінішін өңдейді, бұл сәуір айымен салыстырғанда орташа есеппен 2,5 есе көп.
Қырыққабат өндірушілердің барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласының аумақтық инспекциясына қосымша жұмыс уақытын енгізді» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өтініштердің күрт артуына және оңтүстікке фитосанитариялық сертификаттардың берілуін жеделдетуге байланысты басқа өңірлерден қызметкерлер іссапарға жіберілген.
Фитосанитарлық сертификаттарды беруден дәлелді бас тарту Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі, өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жалпы, фитосанитарлық сертификат беру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1) ББАЖ порталына түскен өтінімдерді тіркеу және тексеру, оның ішінде өтінімде көрсетілген ақпарат пен деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
2) карантиндік фитосанитарлық жағдайды белгілеу және карантинге жатқызылған өнімдерді физикалық тексеру, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі инспектордың карантинге жатқызылған өнімді сақтауы және қоймаға баруы (үлгілерді фитосанитариялық сараптамаға жіберуге болады);
3) карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау туралы актіні БААЖ-да ресімдеу, фитосанитарлық сертификатты тіркеу немесе оны беруден дәлелді бас тарту.