АШМ тасқыннан қырылған малдың ресми санына күмән келтіргендерге жауап берді

тасқын су
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенат отырысында тасқыннан қырылған малдың ресми санына күмән келтірушілерге жауап берді. 

«Ел арасында тасқын салдарынан 12 мың бас мал қырылғаны жалған дегенге саятын сөз тарап жүр. Бұған не дейсіздер?» деп сұрады журналист.

Аманғали Бердалин тасқыннан қырылған малдың бәрі түгел есепке алынғанына сенімді екенін жеткізді.

«Былай деп айтайық. Осы тұрған уақытта далада жатқан бір бас мал жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің эпизоотикалық жасақтары бар. Сол жасақтар өзінің 45 көлігімен, 100-ден астам адамымен, жергілікті әкімдіктердің мал дәрігерлерімен бірге жабылып жүріп, шығынға ұшыраған малдың бәрін кәдеге жаратты. Утилизация жасалғаннан кейін ол малдың бәрі есепке кірді. Сондықтан үйде отырып көп әңгіме айтуға болады. Бірақ біз нақты жойылған малдың есебімен алып отырмыз. Бүгінгі таңда далада жатқан мал көріп тұрған жоқпыз», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар
telegram