12:45, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
АШМ тоннасына 26,5 мың теңге бағамен ішкі нарық үшін астық сатып алуды 2 миллионнан 1,1 тоннаға қысқартуды ұсынады
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі тоннасына 26,5 мың теңге бағамен ішкі нарық үшін астық сатып алуды 2 миллионнан 1,1 тоннаға қысқартуды ұсынады.
Бұл туралы бүгін ел Үкіметінің тікелей көрсетіліп жатқан отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман айтты.
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның меншігіндегі барлық астыққа және оның түсіміне балансты зерделеп, сонымен қатар азық-түліктік бидай бағасының өсуіне орай, бекітілген азық-түліктік бидайды 2 миллион тонна көлемінде сатып алуды 1,1 миллион тоннаға дейін кеміту турасында өзгерту енгізуді ұсынамыз», деді Е.Аман өз сөзінде.
Бұл орайда 1 тонна астықты сатып алу бағасы 26,5 мың теңге шегінде қалатындығын атап өткен ол «Азық-түлік» корпорациясы» осы бағамен астықты ішкі нарыққа жеткізетін болады. Бұл ұн, нан бағасын жаңа өнім алғанға дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді», деді.