АШМ жауапты 54 мемлекеттік қызметтің 48-ін стандарттады

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттауды сәтті аяқтағаны туралы есеп берді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

АШМ жауапты 54 мемлекеттік қызметтің 48-ін стандарттады

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 тамызындағы № 1108 қаулысымен бекітілген 23 мемлекеттік қызмет бойынша стандарт әзірледі», - делінген хабарламада.

Стандарттарды әзірлеу құрамына қызмет тұтынушылардың мүддесіне өкілдік ететін  іскерлік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін қоғамдық кеңестің мәжілістері мен интернет-форумдарда талқыланды. Жалпы министрлік өзі жауапты 54 мемлекеттік қызметтің 48-ін стандарттады. Мемлекеттік қызметтерді стандарттау мен регламенттеу ҚР АШМ бөлімшелеріндегі жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді.