«Ашық мәліметтер» порталы студенттер үшін жақсы табыс көзіне айнала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдардың ашық мәліметтері жас IT-мамандары үшін табыс көзіне айнала алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

«Ашық мәліметтер» порталы студенттер үшін жақсы табыс көзіне айнала алады

С.Сәрсеновтің хабарлауынша, «Ашық мәліметтер» порталында барлық мемлекеттік органдардың 339 мәлімет жиынтығы жарияланды. Оның аясында 12 қосымша жасалған. Биыл күз айына дейін қосымша 2000 мәліметтер жиынтығы құрылады.

Бұл - өте тиімді бизнес, мемлекет мәліметтерді жариялайды, техникалық мамандар, студенттер оның базасында мобильді қосымшалар жасап, ақша таба алады. Сондықтан мен барлық азаматтарды «Ашық мәліметтер» порталының жұмысына белсендірек қатысуға шақырамын, ал «айти» студенттерін қосымша жасауға шақырамын», - деді ол.

Айта кетейік, «Электронды Үкімет» порталында төрт компоненттен тұратын бірыңғай модуль құрылған: «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог», «Ашық НҚА» және «Ашық мәліметтер».