Ашық суда жүзуден әлем кубогы кезеңінде ел намысын 4 спортшы қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қараша күні Әбу-Дабиде ашық суда жүзуден алауы тұтанатын әлем кубогына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған додаға әлемнің 40 мемлекетінен 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде.
Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары да бар.
Кубоктік додада Қазақсан намысын Виталий Худяков, Кенесары Кененбаев, Лев Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғайды. Олар 10 шақырымдық жарыста бақ сынайды.