«Ашық Үкімет» порталы «Ашық петиция» компонентімен толығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Ашық Үкімет» порталы «Ашық педиция» компонентімен толығады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңының іске асырылу барысына арналған дөңгелек үстел отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ашық Үкімет» порталы «Ашық петиция» компонентімен толығады

«Министрлік тарабынан «Ашық петиция» атты жаңа компонентті құру мәселесы талқылануда. Оны жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажет. Бұған қоса, қосымша бюджет қаражаты да керек болады. Дегенмен, оған уақыт керек», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттары ескертпелері мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын орындау мақсатында министрлік «Ашық Үкімет» компоненттеріне редизайн жүргізген. «Ашық мәліметтер», «Ашық ҮЕҰ», «Ашық диалог» және «Ашық бюджет» компоненттерін  «Ашық Үкімет» порталының негізгі бетіне орналастырылған.

Дегенмен, бүгінгі күні аталған порталды ақпараттармен толтыру жұмыстары барынша өзекті болып отыр. Бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың жұмыстары да жандана түсуде.

«Егер өткен жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың 7 мың 12 жобасы орналастырылса, ағымдағы жылдың 5 айының ішінде ғана 5 878 жоба салынды. «Ашық бюджет» порталында 2016 жылы 5 908 бюджеттік бағдарлама, ал биылдың өзінде 5 519 бағдарлама орналастырылды», - деді Д.Абаев.

Сонымен бірге министр «Ашық диалог» порталының танымалдағы артып келе жатқандығын атап өтті. Оның дерегінше, аталған порталға өткен жылы азаматтардан шамамен 1 600, ал ағымдағы жылдың ішінде шамамен 2 600 өтініш түскен.

«Проблемасыз болмайтындығы да сөзсіз. Ақпарат мәселелеріне айрықша назар аудару қажет. «Ашық Үкімет» компонентін қолданушылар қалдырған түсініктемелер жауапсыз қалып жатады немесе формальды жауап алады. «Ашық мәліметтер» порталық толтыру да айтарлықтай тежелуде. Мұның барлығы да айналып келгенде аталған салада орындалып жатқан жұмыстарға азаматтардың сенбеушілігін туындатады», - деді Дәурен Абаев.