Ашыққан ит қолшатырды жеп қойды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Үш апта бойы тамақтандырылмаған Пэдди есімді 2 жасар спаниель аштан өлмес үшін қолшатырды жеуге мәжбүр болған. Иттің ішіндегі қолшатырдың бөлігін алып шығу үшін жасалатын отаның құнын білген иттің иелері оны ветеринарлық клиникаға тастап кеткен, деп хабарлайды segodnya.ua.

Ашыққан ит қолшатырды жеп қойды

Британиялық Kent Online порталының хабарлауынша, 2 жасар спаниель Педдидің иелері итті асырап алып, оған мүлдем қарамаған көрінеді. Сол себепті ит үнемі аш жүрген. Үш апта бойы тамақтандырылмаған ит қолшатырды тауып алып, амалсыздан оны кеміре бастаса керек. Қолшатырдың металл бөлігін жұтып қойған иттің жағдайы ауырлап, оның қиналған күйін екі күн бойы бақылаған иелері оны ветеринарлық клиникаға алып келген.

Мамандармен тілдесу барысында ерлі-зайыпты Пагслилар Пэддидің қолшатырды жұтып қойғаннан кейін, жағдайы нашарлағанын аңғартқан. Итті тексергеннен кейін дәрігерлер оның иелеріне құны 400-ден 1000 фунт стерлингк болатын ота жасау керектігін айтқан. Мұндай соманы естіген ерлі -зайыптылар, жануарға ота жасауға келісімін беруін беріп, артынан ақшасын ойлап, қашып кеткен.

Әбден арып, жағдайы кеткен иттің иелері бәрібер заңнан бұлтара алмады. Оларға 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмыс жасап, 1000 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарылды.

Қазір итке ота жасалып, ол Корольдіктің жануарларды қорғау ұйымының қарамағына берілді.