Ашынған әйел «Единая Россия» офисінде өзін-өзі жағып жіберді
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Новосібірде бүгін таңертең Ленин атындағы алаңдағы сауда-іскерлік орталықтың алдында өрт болды.
Бұл туралы Новосібір облысы бойынша ТЖМ-нің басқармасы хабарлады.
Өрт «Единая Россия» партиясының қабылдау бөлмесінен шыққан. Сонда келген әйел өзінің үстіне бензин құйып, жағып жіберген.
«Өрт кезінде екі адам - 50 жастағы әйел мен қоғамдық қабылдаудың 42 жастағы қызметкері зардап шекті», - деп хабарлады ТЖМ. Олар аман қалды және шұғыл ауруханаға жеткізілді.