«Ashyq»: Ең аз QR-код тіркеген кәсіпкер жобадан шеттетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» жүйесіне қатыса отырып, ең аз QR-код тіркеген кәсіпкерлік нысандар үш мәрте сылбырлық танытса, жүйеден біржола шығарылады. Бүл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігерінің бүгінгі Қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі:

1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) мынадай негіздер бойынша:

1) мониторингілік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуын растайтын фактілерді анықтауы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімінің негізінде жобадан шығарады;

3) 2 апталық мәліметті жүктеп алу нәтижелері бойынша объекті ВАК белгілеген QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеудің ең аз санын жүргізбеуінің анықталуы.

2. QR-код (check-in) бойынша келушілері ең аз санмен тіркелген «Ashyq» жобасына қатысушыларға қатысты әкімдіктер:

1) алдын ала ескерту береді;

2) мониторингілік топ анықтаған, қолданыстағы жұмыс алгоритмі қайта бұзылған кезде қатысушы 2 аптаға жобадан шығарылады.

3. Жұмыс алгоритмін 3 рет бұзған қатысушы (мониторингілік топтың нәтижелері бойынша) 2 айдан ерте жобаға қайта орала алмайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Құжатта «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың санаты 23-ке жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ Қаулыда сантиарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілетіні жазылған. Бұл мәртебе кімдерге берілетіні және оны қалай алуға болатыны құжатта қамтылған.


Соңғы жаңалықтар