«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі кімдерге беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігенің жаңа қаулысы бойынша санитарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық тамақтану нысандары, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері (іс-шаралар), сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, жабық кешендегі балалардың ойын-сауық орталықтары, цирктер 2 апта ішінде 2 мыңнан астам тіркеу жасауы тиіс. Басқа облыстарда 2 аптада 1 мыңнан астам тіркеу жасаулы керек.

Ал бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтар, қонақ үйлер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан қонақ үйлер 2 апта ішінде 1 мың тіркеу жасауы қажет. Қалған облыстарда-екі аптада 500-ден астам тіркеу жасалуы шарт.

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттары

Объект ілер/салалар

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары

Об лыстар

1.

Қоғамдық тамақтану объектілері,

караоке,

компьютер лік клуб тар ,

лотере я клуб тар ,

спорт тық кешендер ( іс-шаралар), саун алар , фитнес- орталықтары , бассейн дер ,

театр лар , филармони ялар , концерт зал дар ы,

кинотеатр лар ,

в көрмелер ,

турист ік тасымалдар ,

океанариум,

балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2.

Бильярд клуб тары ,

боулинг клуб тары ,

СПА- орталықтары ,

дайындықтар ,

отельдер, қонақ үйлер

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

Аталмыш қаулыда санитарлық талапты қалтқысыз сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілетіні айтылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Құжатта «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың санаты 23-ке жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ Қаулыда «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алудың алгоритмі де бекітілген. Ал ең аз QR-код тіркеген кәсіпкер жобадан шеттетіледі.


Соңғы жаңалықтар