Ashyq коронавирус таралуын болдырмаудың ең жақсы құралы – алматылық кәсіпкер
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық кәсіпкер Радован Симонович онлайн брифинг барысында тамақтану орындарына келушілер Ashyq қосымшасына қалай қарайтыны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Радован Симонович Ashyq жобасы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмаудың ең жақсы құралы екенін, сонымен қатар, көптеген кәсіпкерге өз бизнесін сақтауға көмектескенін жеткізді.
«Қосымшаның көптеген артықшылығы бар. Біріншіден, бұл бізге, біздің қызметкерлерге және келушілерге қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл бізге жұмыс жасауға мүмкіндік береді, үшіншіден, бізде эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға, адамдарды іс жүзінде тексеруге және қаулы аясында жұмыс жасауға мүмкіндік бар», - дейді дәмхана директоры.
Кәсіпкер оның дәмханалары мегаполистегі Ashyq жобасының алғашқы қатысушысының бірі болғанын қуанышты екенін жеткізді. Бұл шешім мамыр-маусым айларында қатаң карантин кезінде жұмысын жалғастыруға көмектескен. Оның үстіне келушілердің төмендеуі сезілмепті.
«Иә, бастапқыда қонақтар әртүрлі қабылдады. Жобамен жұмыс барысында біз «сары» мәртебесі бар адамдарды үш рет және бір рет «қызыл» мәртебесі бар адамды анықтадық. «Қызыл» мәртебесі бар қонақтар бастапқыда ашуланатын. Мұндай жағдайларда біз оларға қызмет көрсете алмайтынымызды түсіндірдік. Өйткені біз бірінші кезекте қызмет көрсету саласына жатамыз. Қосымша бізге өз бизнесімізді сақтауға көмектесті және жұқтырғандарды анықтаудың ең жақсы құралы», - дейді ол.
Оның айтуынша, екі кафеде 61 адам жұмыс істейді және олардың 89%-ы вакцина алған. Қалғандары медициналық себептерге байланысты немесе 18 жасқа толмағандықтан вакцина алмаған.
«Біз қаланың жоғары оқу орындарымен жұмыс істейміз, сондықтан бізде әлі 18 жасқа толмаған студенттер бар. Қалған қызметкерлердің барлығы ыңғайлы болғандықтан, «Достық Плаза» СОСО-ның екпе пунктінде вакцина алды», - деді спикер.
Дәмхана басшысы вакцинаны сәуірде алғанын айтады және өзін сенімді сезінеді, себебі вакцина аурудың ауыр түрінен қорғайды деп сенеді.
«Менің ойымша, жеке тәртіп, жауапкершілік және денсаулықты нығайту – әркімнің жеке ісі. Әр адам вакцинациядан өтуі керек, әркім өз денсаулығы туралы ойлануы керек деп ойлаймын. Бәріміз жақындарымыздың денсаулығына мүмкіндігінше қамқорлық жасауымыз керек. Вакциналарға сену керек, көңілді болу керек, позитивті болу керек. Жақында бәрі өтеді», - дейді дәмхана басшысы.
Алматыда Ashyq жобасының 8 306 қатысушы бар, ал ерікті қатысушы – 11 812 нысан. Ashyq жобасының көшбасшы саны- 281.
28 сәуір мен 15 тамыз аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.