Ashyq қосымшасының авторы дизельдің әділ сатылуын қадағалау жолын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жанар-жағар май құю бекеттерінде сатылатын отын көлемін бақылаудың жолы бар. Онлайн жүйені 1-2 апта ішінде қолданысқа енгізуге болады. Бұл туралы Ashyq қосымшасын жасақтаушы Виталий Пустовойтенко әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ashyq қосымшасының авторы дизельдің әділ сатылуын қадағалау жолын ұсынады

«Жанар-жағар май құю бекеттерінде сатылатын отын көлемін есепке алудың шешімі бар және біз оның 7-14 күн ішінде қолданысқа енгізуге дайынбыз», - деп жазады Виталий Пустовойтенко.

Идея авторы Ashyq OIL деп атаған жобасының қандай мүмкіндіктер беретінін көрсетеді.

«Мақсат – отынның бір адамға лимиттен артық сатылмауын қадағалау, тұрғындармен кері байланыс орнату, заң бұзушылықтарды тіркеу», - дейді ол.

Жоба Ashyq мобильді қосымшасы негізінде ойластырылған. Виталий Пустовойтенконың айтуынша, электронды үкімет инфрақұрылымының мүмкіндігі оны жүзеге асыруға жеткілікті.

«Отын тек қана авто иелері/жүргізушілерге сатылады. Жанар-жағар май құю бекетіне барғаны тіркеледі. Жүргізуші куәлігімен сатып алуға болмайды. Жанар-жағар май құю бекетінде болғаны туралы фейк ақпарат бере алмайды», - дейді ол қолданылатын қорғаныс механизмдері туралы.