Ashyq жобасы арқылы коронавирус жұқтырған 3,5 мың адам анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасы арқылы коронавирус жұқтырған 3,5 мың адам анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ashyq жобасы арқылы коронавирус жұқтырған 3,5 мың адам анықталды

Ashyq жобасын кеңінен тарату бүкіл елімізде жүріп жатыр. Жобаға қатысушылардың саны 8 мыңнан асып түсті және 2 аптаның ішінде екі мыңға артты. Екі аптаның ішінде қолданушылардың саны 1,4 млн адамнан 2 млн адамға дейін жетті», - деді министр.

Оның атап өтуінше, аталған жоба енгізілген сәттен бері ПТР-дың оң нәтижесі бар 3 556 науқас және байланыста болған 3 012 адам анықталды.

«Бұл статистика өкінішке орай кейбір азаматтардың үйде оқшаулану режимін сақтамайтындығын, тұрғындар көп жиналатын нысандарға баруға тырысатындығын, ел ішінде жүріп-тұратындығын, сол арқылы төңірегіндегілерге жұқтыру қаупін төндіретіндігін көрсетеді», - деді Алексей Цой.