Ashyq жобасының көшбасшылары жүйенің артықшылығы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Forum сауда ойын-сауық орталығы Ashyq жобасының көшбасшысы болды. Бұл туралы СОСО заңгері Наталья Степанова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

29 маусымнан бастап Forum сауда ойын-сауық орталығына Ashyq қосымшасын сканерлегеннен кейін ғана кіруге болады. Кіреберісте қауіпсіздік қызметі келушілерден жүйеде олардың мәртебесін тексеруді сұрайды немесе өздері тексереді.

Алматыда бұл жүйе барлық сауда нүктесіне белсенді түрде енгізілуде, осылайша кәсіпкерлер инфекцияның таралуына қарсы күресті жандандырып жатыр.

Сауда орталығы заңгерінің айтуынша, олар локдаунды енгізбеу үшін Ashyq жүйесімен жұмыс істеуде.

«Біздің СОСО бірінші болып, Ashyq аясындағы жұмыс алгоритмін қолдануға қызығушылығы мен дайындығын білдірді. Кәсіпкерлер СОСО коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары адамдар көп жиналатын орын екенін түсінеді. Сондықтан біз бутиктеріміздің, фудкорттар мен басқа да сауда орындарының қауіпсіз жұмыс істеуін қолдаймыз», - дейді Наталья Степанова.

Заңгердің сөзінше, СОСО жаңа міндеттерге түсіністікпен қараған күзет қызметінің жауапты жұмысының арқасында Ashyq көшбасшысы болды.

Сонымен қатар, аталған сауда орталығының 100 қызметкерінің 95-і коронавирусқа қарсы екпе алды. Сауда орталығындағы егу пункті 12 сәуірде ашылды, содан бері қала тұрғындары арасында танымал. Сондай-ақ вакцина салдырғандар арасында бірнеше рет бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Еске салсақ, қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 493 адам анықталды. Инфекциялық стационарларда 5 474 адам, оның ішінде 216 бала бар. Телемедицина орталығының мобильді топтары 11 908 науқасты үйлерінде бақылауда.


Соңғы жаңалықтар