Ашырқанған әйел кеспемен бірге 15 сантиметрлік қасықты жұтып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Янчжоу қаласының дәрігерлері 27 жастағы әйелдің асқазанынан 15 сантиметрлік қасықты алып шықты.
Қыз ауруханаға 30 тамызда көрінген. Ол ашырқанып жегендіктен қасықты қалай жұтып қойғанын байқамай да қалғандығын жеткізген. Дәрігерлер әуелгіде бұған сенер-сенбестерін білмеді. Қасық болса үлкен және оны жұту мүмкін де емес.
Сәтті жасалған отаға екі сағаттай уақыт кетті. Бұл үшін арнайы медициналық құрал пайдаланылды. Фото: Frank May / Global Look