Asian Challenge Cup: волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамнан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM – Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Asian Challenge Cup турниріндегі екінші ойынында Вьетнамға есе жіберді. 

Волейбол
Фото: olympic.kz

Бірінші сетте 14:25 есебімен Вьетнам құрамасы жеңіске жетті. Екінші партияда да қарсылас команданың ойыншылары (25:19) қазақстандық волейболшылардан бір бас жоғары болды. Тек үшінші сетте ғана Қазақстан құрамасы 25:14 есебімен басым түсті. Алайда шешуші төртінші кезең 23:25 есебімен қарсылас команданың пайдасына жазылды. Қорытынды есеп – 1:3.  

Құрама ойыншылары үшінші кездесуді 25 мамыр күні Сингапурге қарсы өткізеді. 

Еске салсақ, бұған дейін индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Иранға есе жібергенін жазған болатынбыз.