Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы құжат нысандары қайта қаралады

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат ресми интернет-ресурста жарияланды. 

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы құжат нысандары қайта қаралады
Фото: АШМ

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 15 наурыздағы ҚР Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2026 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында редакциялық түзетулерді көздейді.

— Бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауды көздейтін ескірген норма алып тасталды, сондай-ақ «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылады, — делінген құжатта.

Ведомствоның мәліметінше, осы өзгерістерді қабылдау бұйрық жобасын 2026 жылғы 15 наурыздағы ҚР Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2026 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жобаны талқылау 13 шілдеге дейін жалғаспақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мүдделі тұлғаларды «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға қатысуға шақырып отыр.