Әсима Бимендина Мәжіліс депутаты болып сайланды
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Әсима Бимендина Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
«Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Әсима Темкеқызы Бимендина ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді», - деген спикер Нұрлан Нығматулин жаңа депутаттың қызметіне табыс тіледі.
Еске салсақ, Ә. Бимендина бұған дейін Астана қалалық Білім басқармасының төрайымы қызметінде болатын.