Әсия Баймұрат ҚР СРИМ Кадр жұмысы департаментінің директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Әсия Баймұрат ҚР СРИМ Кадр жұмысы департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсия Баймұрат
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Әсия Баймұратқызы 1979 жылы 27 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясында оқытушы болып бастады.

2002-2008 жылдары – оқытушы, секция меңгерушісі, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі;

2009 – 2011 жылдары заңгер;

2012 – 2018 жылдары әкімшілік-кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы;

2018 – 2021 жылдары Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің әкімшілік-кадр жұмысы басқармасының басшысы;

2021 – 2023 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әкімшілік және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары болды.