Асқар Ақаев еліне оралмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамыз күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев мұнда өзіне қатысты қылмыстық істердің қозғалғанына қарамастан еліне келмекші.

Асқар Ақаев еліне оралмақ

Бұған дейін бұрынғы ел басшысының ағасы 82 жастағы Болат Ақаевтың көз жұмғаны жайлы қырғызстандық БАҚ хабарлаған болатын.

«Мен ағамды соңғы сапарға шығарып салуға міндеттімін», - дейді А.Ақаев.

Айта кетейік, Қырғызстанның алғашқы президенті 2005 жылғы төңкерістен соң елінен кетіп қалған. Оның өзі мен туыстарына бірқатар қылмыстар үшін айып тағылған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.