Асқар Ақаевтың күйеу баласы қамаудан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ұсталған Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы Әділ Тойғанбаев қамаудан босатылды, деп жазды твиттердегі микроблогында оның адвокаты Николай Полозов.

Асқар Ақаевтың күйеу баласы  қамаудан босатылды

«Менің қорғауымдағы Әділ Тойғанбаев қамаудан босатылды. РФ билігі тарапынан оған ешқандай кінә артылып отырған жоқ»,-делінген адвокаттың хабарламасында.