Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
None
Фото: gov.kz

Асқар Әмірханов Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1993 ж.) бітірген.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1995-2004 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2004-2022 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары болған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум