Асқар Бишіғаев Альянс Банкі Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды
АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Альянс Банкі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы наурыздың 17-сіндегі №15 шешімімен Банктің Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына Асқар Бишіғаев тағайындалды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа банктің баспасөз қызметінен.
Телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялар салаларының беделді сарапшысы, физика-математика ғылымдардың кандидаты және Ресей Федерациясының Халықаралық байланыс академиясының академигі 44 жастағы Асқар Бишіғаев Альянс Банкіне келмес бұрын, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде Төрағаның орынбасары болған. Оған дейін ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясында басшылық қызметтерде, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында компанияның бизнесін дамыту мәселелерімен айналысты. Өзінің жаңа қызметінде А. Бишіғаев Альянс Банкінің ІТ-инфрақұрылымының және ақпараттық жобалардың дамуымен байланысты мәселелерді реттейтін болады.
Альянс Банкінің акционерлері мен басшылығы А. Бишіғаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жекеменшік телекоммуникациялық компаниялардағы ұзақ мерзімді де, табысты жұмыс тәжірибесі Альянс Банкінде ақпараттық технологияларды ары қарай дамытуға жәрдемдесетініне сенімді.