Асқар Қонаев КСРО Ғылым академиясының акадамигі атанған қазақстандық екі ғалымның бірі болды - Халықаралық Д. А. Қонаев қорының президенті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан тарихында КСРО Ғылым академиясының академигі атанған екі-ақ адам бар. Олар Қаныш Имантайұлы Сәтбаев пен Асқар Меңдіахметұлы Қонаев. А. Қонаев өзінің еңбек жолын Теміртауда қарапайым металлургтен бастап, ҚР ҰҒА Президенті дәрежесіне дейін көтерілді. Ғылыми зерттеулері үшін 1999 жылы Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. Швецияға жіберілген құжаттары Нобель сыйлығы жөніндегі комитет сынағының бірінші турынан өткен болатын. Алайда наурыздың 31-і күні әкем көз жұмды. Бұл мәртебелі сыйлық тек тірі адамдарға ғана берілетіндіктен, сыйлыққа ұсынылған тізімнен сызылып қалды», дейді Халықаралық Д. А. Қонаев қорының президені Элдар Қонаев.
Жалпы,академик Асқар Қонаевтың әріптестерімен, шәкірттерімен бірігіп жүргізген ірі зерттеу жұмыстарының нәтижелері 400-ден астам ғылыми еңбектерде, сонымен бірге 6 монографияда жарық көрді. Ғалым 140-тан астам өнертапқыштық жұмыстар мен алыс шетелдердегі бірқатар патенттердің авторы болды. Бұл патенттер бойынша Чили, Боливия, Мексика, Венгрия және Италияда лицензиялық келісімдер мен келісімшарттар жасалған.