Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

«Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын.

Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін»,-делінген көңіл айту хабарламасында.