Асқар Мамин: Елбасының барлық бастамалары қаржыландырумен қамтамасыз етілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019-2023 жылдарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет болжамы нақтыланды. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Асқар Мамин: Елбасының барлық бастамалары қаржыландырумен қамтамасыз етілген

Негізі макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов және Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.

Үкімет басшысы ұсынылып отырған өзгерістерді енгізу халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асырумен байланысты екенін атап өтті.

«Президенттің барлық бастамаларына толық көлемде қаржы бөлініп, жүзеге асырылатын болады», - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ ол алға қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын, олардың нәтижелі әрі сапалы болуы қажеттігін айтты.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте заң жобаларын ҚР Парламенті қарауына енгізу тапсырылды.