Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

                                                                                             ***

«А.Ұ. Маминді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

   Президенті                                                                                                               Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 қыркүйек

                 № 320

***

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туған.

Целиноград инженер құрылысы институтын, Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушылықтан бастады. 1996-2008 жж. аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден бүгінгі күнге дейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті болып келді.