Асқар Мамин Михаил Мишустинді жаңа қызметімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Михаил Мишустинді Ресей Үкіметінің төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин Михаил Мишустинді жаңа қызметімен құттықтады

«Осы мүмкіндікті пайдаланып Михаил Владимирович Мишустинді Ресей Федерациясының Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуымен тағы да құттықтаймын және жаңа қызметінде сәттілік тілеймін. Сонымен қатар, комиссияға мінсіз басшылық еткені үшін Тигран Саркисянға және интеграциялық процестерді дамытуда жемісті жұмыс атқарған алқа мүшелеріне алғыс айтқым келеді», - деді Асқар Мамин кеңейтілген құрамдағы үкімет басшыларының қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты форум өтіп жатыр.