Асқар Мамин Ресей Үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Асқар Мамин Ресей Үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.