Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитеті президенттігіне кандидат ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында ел Премьер-Министрі Асқар Мамин аталған комитеттің президенті лауазымына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі отырыста біз Ұлттық олимпиада комитетінің президентін сайлауымыз керек. Федерациялар тарапынан кандидат ұсынылды. Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы атынан Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынғанымызды айтқым келеді. ҰОК президенті сайлау біздің олимпиадалық комитетімізді, олимпиадалық спорт түрлерін және толықтай алғанда еліміздегі бұқаралық спортты одан дамытудың маңызды қадамы саналады. Бұл біздің дұрыс әрі жауапт таңдауымыз боларына сенімдімін», - деді Асқар Мамин.

Осы ретте Үкімет басшысы елімізде спортты дамытуға үлкен қаржылай қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті.

«Биыл спортты дамытуға республикалық бюджеттен 31 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы 51 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл - республикалық бюджеттен ғана. Мұнан бөлек, жергілікті бюджеттен де қаржыландырылады», - деді ол.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев қазіргі уақытта да Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады.



Соңғы жаңалықтар