Асқар Мамин жас теміржолшыларды ұлттық компания құрылымдарындағы лауазымды қызметтерге тағайындады - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ -да 5-ші Республикалық жастар форумы аяқталды. Форумның жабылу салтанатында 2014 жылы компанияда жүзеге асырылған Жастар саясаты бағдарламасының аясында өндіріске енгізілген 19 инновациялық жоба қорытындысы шығарылды, деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар ТМД және Қазақстанның темір жол көлігі оқу орындарында біліктілігін арттырып, технологиялық жобаларын өндіріске енгізеді. Бірқатары компания басшылығының шешімімен жаңа лауазымдарға тағайындалды», делінген хабарламада. Нақтырақ айтқанда, төрт қатысушы ұлттық компанияның құрылымдарындағы лауазымды қызметтерге тағайындалды. Бес жас маман «Болашақ басқарушылар» аталымының жеңімпаздары бес жас қызметкер ҚР аумағында білімін жетілдіретін болса, бірінші орынға ие болған жоба иесі ТМД елдерінің біріне және алыс шетелге жолдама алады. «Менеджмент жобасы» аталымы бойынша алты үздіктің үшеуі Қазақстанда, үшеуі ТМД елдерінде білімін жетілдіреді. Жастардың үш инновациялық жобасы өндіріске енгізілмек. Жастар форумының аяқталуы қарсаңында оған қатысушылар ҚТЖ бас офисінде орналасқан Темір жол көлігі мұражайына 2030 жылдың жастарына арнаған Капсула-Пирамида символикалық белгісін орнатты. Капсулада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жастарды патриоттыққа, темір жол саласына адалдықты, отбасы құндылығын сақтап, отан алдындағы міндетін абыроймен ақтауға үндейтін шақыру жазылған.

Соңғы жаңалықтар