Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Өзбекстан астанасына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, осы елдің Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер жүргізу жоспарланған.