Асқар Мырзахметов ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Сапар барысында вице-премьер Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, аудан және қала әкімдері, мемлекеттік ұжымдардың, аймақтық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан «2017 жылдың көктемгі - егіс жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу бойынша дайындық жұмыстары мен қойылған міндеттер туралы» облыстық агрокеңеске қатысуда.
Кеңесте көктемгі егістік науқанын жүргізудің бірінші кезектегі мәселелері мен ауыл шаруашылығы өндірісінде ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың ұсыныстарын талқыланды.
Жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша жаздық егісті 4,7 миллион аумаққа, оның ішінде астық дақылдарын 4,3 миллион гектар аумаққа егу жоспарланған. Майлы дақылдарды егу аумағы 241,5 мың гектарды құраса, картоп пен көкөніс - сәйкесінше 18,4 мың гектар және 4,3 мың гектар аумақты алатын болады.
Биылғы егіс науқанына шамамен 16 мың трактор, 16,8 мың бірлік тұқым сепкіш және 1145 бірлік өнімділігі жоғары егін егу кешендері жұмылдырылатын болады.
Кеңесте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Егорь Каппельдің «2017 жылдың көктемгі - егіс жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу бойынша дайындық жұмыстары мен қойылған міндеттер туралы», А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Жексенбай Қасқырбаевтың «2017 жылғы көктемгі егіс науқанын өткізудің ерекшеліктері туралы» туралы баяндамалары тыңдалды.
Еске сала кетейік, Ақмола облысы республикадағы ең астықты өңір (4,3 миллион гектардан аса), жыл сайын еліміздегі өндірілетін астықтың шамамен 25 пайызын береді.
Жыл сайын шамамен 1,8 миллион тонна астықты алыс және жақын шет елдерге экспорттаса, 800 мың тоннадан астамын республикамыздың 7 облысына таратады.