Асқар Мырзахметов тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап береді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ертең, 21 желтоқсан күні сағат 19.00-де жергілікті «JAMBYL» телеарнасында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен «Әкім сағаты» хабары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Тікелей эфирде өтетін хабарда Асқар Исабекұлы өзі басшылыққа келген бір жылға жуық уақыт ішінде аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар туралы жан-жақты баяндайтын болады. Өңірді өркендету жолындағы оң өзгерістер мен баянды бастамалардың барысы жайлы да айтылмақ.

Облысқа қатысты алдағы жоспар, экономикалық - әлеуметтік дамыту шаралары, Тараз шаһарының шырайын арттыруға арналған жұмыстар туралы толығырақ білгіңіз келсе, «JAMBYL» телеарнасындағы арнайы хабарды жіберіп алмаңыздар. 

Көкейдегі көп сауалды тікелей эфирде жолдап, жауап алуға болады. 



Айта кету керек, Жамбыл облысына жаңа әкім келгелі өңірдің даму көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. 2019 жыл­дың 1 қаң­тарынан бастап 101 мың­­ға жуық қызметкердің ең төмен­гі жалақысын 28 284 тең­ге­ден 42 426 теңгеге дейін өсі­ру үшін облыстық бюджеттің кіріс­тері мен шығыстары қайта қаралып жатыр. Шикізаттық емес секторға салынған инвестиция 87 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға артқан. Қазіргі таңда облыста шетел инвесторларының қатысуымен құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда. Облыста жыл басынан 1,8 мың тонна ет экспортқа шығарылған. Бүгінде облыс­та ауыл шаруашылығы өнім­дерін қай­та өңдейтін 183 кәсіп­орын жұ­мыс істеуде. Бұдан бөлек, құны 8 мил­лиард теңгені құрай­тын 7 инвес­тициялық бастама қолдау тапты.  

Өңірде шағын кәсіп­керлікті қолдау мақсатында 2018 жылы облыстық бюджеттен 500 мил­лион теңге, «Даму» қорынан 1 миллиард теңге қарастырылған. Ал ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1 миллиард теңге бөлініп, жалпы сома 5 миллиард теңгеге дейін жетті 

Жаңа оқу жылында облыста 9 мектеп пайдалануға беріл­ді. Үш ауысымда жұмыс істейтін 3 мектептің, апатты жағдайда­ғы - 3, орын тапшылығы бар 3 мектептің мәселесі шешіл­ді. Бүгінгі күні 5 мектептің құ­­ры­лысы жүріп жатыр. Нәти­жесін­де 1 үш ауысымды, 4 орын тап­­шылығы бар мектептің мә­се­лесі шешілетін болады. Өткен жылы өңірде 45 мектеп жаратылыстану пәндерін ағыл­шын тілінде оқытса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытыла бастады. Облыста Назарбаев Зияткерлік мектебі­нің озық тәжі­рибесі 7 мектепке енгізілген. 


Ғибрат Сембай

Соңғы жаңалықтар