Асқар Шәкіров ҚазМұнайГаздың тәуелсіз директоры болып сайланды

асқар шәкіров
Фото: ҚазМұнайГаз

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің құрамында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Kazinform.

ҚМГ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асқар Оразалыұлы Шәкіров ҚМГ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

Асқар Шәкіров 1978 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Азия және Африка елдері институтын тәмамдаған.

Бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Соңғы жаңалықтар