Асқар Умаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Асқар Қуанышұлы Умаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.
1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.
2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.
2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.
2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.
2020 жылғы қаңтардан бастап «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы болды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды.
Осыған дейін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа директоры тағайындалғаны туралы жаздық.