Асқар Жақыпбаев ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Асқар Жақыпбаев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Мыңбұлақ совхозының құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастаған.
1986-1996 жылдары Мыңбұлақ совхозының ветеринар дәрігері, комсомол комитетінің хатшысы, Мыңбұлақ ауылы әкімдігінің ветеринар инспекторы болып жұмыс істеді.
1996-1997 жылдары – Аягөз ауданының бас мал дәрігерінің эпизоотия жөніндегі орынбасары.
1997-1999 жылдары ветеринарлық қадағалау органдарында жұмыс істеді.
1999-2019 жылдары АШМ құрылымында Шығыс Қазақстан облысы бойынша басшылық қызметтерде болды.
2021 жылы – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ШҚО бойынша өңірлік филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
2021 жылғы қарашадан бері ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып қызмет етті.