Әскердегі әлімжеттік жасау азайды - Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс вице-министрі, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров өткен жылы әскердегі құқық бұзушылықтың 9 пайызға азайғандығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарулы күштердегі тәрбие және идеологиялық жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.Оның негізі әскери тәртіп пен құқықты нығайғуға, әскери қызметшілердің өз парызына адал болуына және қолбасшылық бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға бағытталған. Осы аталған жұмыстардың негізінде өткен жылы әскердегі құқық бұзушылық 9%-ға азайды», - деді Талғат Мұхтаров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2018 жыл еліміздің қарулы күштері үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталды.

«Өткен жылы ұйымдастырылған республикалық және халықаралық іс-шаралар қорғаныстық қабілетімізді нығайтып, әскери қызметтің беделін арттырды. 2018 жылы 116 жауынгерлік даярлық шарасы, 2313 жауынгерлік оқ ату, 664 тактикалық оқу-жаттығу және 12 командалық-штабтық жаттығу өткізілді», - деді ол.

Бұдан бөлек, вице-министр әскери сала мамандарын дайындау жұмысына тоқталып өтті.

«Жоғары білікті кадрларды дайындау барлық деңгей бойынша іске асырылуда. Яғни сержанттан бастап генералға дейін оқу курстарынан өтіп, біліктіліктерін арттыруда. Бұл бағытта еліміз бойынша 9 арнайы әскери оқу орны бар», -деді Т.Мұхтаров.

Соңғы жаңалықтар