Әскердегі жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру керек - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі қызметтік және жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Осы орайда Мемлекет басшысы жауынгерлік іс-қимыл тәсілдері тұрақты әрі терең талдаудан өтіп тұруы керек екенін айтты.

«Қазіргі халықаралық тәжірибені тыңғылықты зерттеп, озық тәжірибені елімізде белсенді түрде іске асыру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазіргі жауынгерлік ұрыс тәсілдері аясында бөлімшелердің дайындығына, сондай-ақ кіші әрі орта буын командирлерінің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылып отырғанын айтты. Сарбаздар мен офицерлер қабылдаған шешімдері үшін жауапкершіліктен қорықпауы керек.

Мемлекет басшысы жеке құрамды сапалы даярлаудың негізгі шарттарының бірі дамыған полигон инфрақұрылымын жасақтауға қатысты екенін атап өтті. Өйткені жауынгерлер даярлығында әскери полигондардың орны ерекше. Сонымен қатар бұл салада түрлі тренажерлерді кеңінен қолдану тапсырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібінде шығарылатын өнімдер қатарын кеңейтуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар