Әскерге күшпен әкету қаншалықты заңды – Әсет Шындалиевтің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында әскерге күшпен әкету әрекеттері туралы пікір білдірді.

Министерство Обороны РК ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: Kazinform

- Әскери комиссариаттарға байланысты айтсақ, әрбір жағдайды жеке қарау керек шығар. Өйткені, түрлі жағдай болуы мүмкін. Мысалы, әскерге шақырылған азамат қаншалықты қашқақтап, бой тасалап жүргені ескерілу керек. Шақырту бар екені туралы құлағдар етілді ме, жоқ па, осының бәрін жеке қарау керек, - деді ол.

Әсет Шындалиев бұл мәселеде жалпылама «осылай болу керек» деген ұстаным айта алмайтынын ескертті.

- Өйткені, шынымды айтсам, сіздер айтып тұрған кейстермен мүлде таныс емеспін, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салсақ, Түркиядағы оқудан Қазақстанға уақытша келген студентті әскерилер күштеп әкетіп, қоғам шуынан кейін қайта босатқан болатын

Соңғы жаңалықтар