Әскерге шақырылғандардың алғашқы легі 14 сәуірде қызмет орындарына аттанады - ҚР ҚМ

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 14 сәуірде әскер қатарына шақырылғандардың алғашқы легі борыштарын өтеу орындарына аттандырыла бастайды.

 Әскерге шақырылғандардың алғашқы легі 14 сәуірде қызмет  орындарына аттанады - ҚР ҚМ

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

14 сәуір күні әскери борышты өтеу орындарына Ақмола облысының, 15 сәуірде - Алматы, 19-ы - Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының, 21-і күні Қарағанды мен Жамбыл облыстарының, 22-сі - Қарағанды, 23-і - Астана, 24-і - Павлодар, 25-і - Маңғыстау, 27-сі - Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, 28-і - Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының өрендері жөнелтіледі. Ал 29 сәуірде Ақмола облысының болашақ Отан қорғаушылары аттанады.