«Әскери әулет» байқауына қатысушы Апешевтер әулетінің жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асып жығылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әскери әулет» тұңғыш республикалық байқауы шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі өздерінің ғұмырын Қарулы Күштермен байланыстырған отбасылармен таныстыруды жалғастыруда, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
Байқау қазақстандық армияның әскери қызметшілерінің жүректерінде ыстық ықылас тапты. Өздерінің аталары, әкелері мен өзінің қызметі туралы айтып беруге еліміздің түкпір-түкпірінің офицерлері ниет білдіруде. Бұл ретте деректер сан алуан цифрлармен бекітілуде.
Сонымен, Апешевтер отбасының мүшелері Отанға үш ұрпақ қызмет етіп келеді, олардың әскери әулетінің жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асып жығылады. Осы әулетте әскери еңбек өтілі негізін Мәмбетали Апешев қалады. Ұлы Отан соғысының ардагері атқыш зенитші ретінде Отанды қорғаған. Ұрыс алаңындағы атасы мен әкесінің әңгімелері балалары мен немерелерін рухтандырғаны соншалықты, олардың көбісі сол жолды таңдады.
«Шабуылға аттанып, мынаны ойлайсың: қазір оқшашар жүрекке бір-ақ атады. Бізде әрбірімізде саперлік күрек болды, мен оны шинельдің ішіне салып, қорғаныш ретінде жүрегіме қоятынмын. Снарядтың басқа тиетіні туралы мүлде ойламаппын. Бір сөзбен айтқанда әлі баламын. Біз үнемі күйзелісте болатынбыз, себебі, жаныңдағы біреудің өлгенін немесе жараланғанын көресің. Бұл қан жұтқан шайқасты айлап бастан кешіретінбіз», - деген Серік атасының естелігін бөліседі ұрпақтары.
Соғысқа қатысқан атамның ұлы Әбдікерім Апешев қызметін 1970 жылы мерзімді қызметтен 336-шы теңіз жаяу әскерінің бригадасында бастаған. Қызметі аяқталысымен Мәскеу шекара училищесіне түсті. Офицерлік қызметтің алғашқы күндерін «Хоргосс» заставасында бастады. 35 жылын әскери іске арнаған. Қазір бұл әскери қызмет эстафетасын ҚР Қарулы Күштерінің офицері капитан Серік Апешев ұстап тұр. Әскерде ол 13 жыл, қазір ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының басқармасында қызмет етеді. Оның жұбайы Назгүл де әскери қызметші болып табылады. Ол Қорғаныс министрлігінде майор шенінде қызмет етуде. Серіктің әпкесі Жұлдыз бен ағасы Жанболаттың да 20 жылдық еңбек өтілі бар. «Біздің елемізде мұндай байқауларды өткізгендеріне өте қуаныштымын. Бұл адамдарға біздің әскери әулеттер туралы айтып беруге жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Мәселен, менің отбасымда әскери іспен ерлермен қатар, әйелдер де айналысады. Батыр атам, әкемнің жетістіктері, ағаларым мен әпкелерімнің қызметі туралы айтып беретініме қуаныштымын», - дейді Серік Апешев.
«Әскери әулет» байқауын ҚР Қорғаныс министрлігі алғаш рет ұйымдастырып отырғанын естеріңізге салайық. Ол ҚР Қарулы Күштері әскерилерінің отбасылық құндылықтарын, ұрпақтарының қажырлы, әскери, патриоттық және адамгершіліктерін көрсетуге бағытталған. Бүгінгі таңда байқаудың ұйымдастыру комитетінде Қазақстанның барлық өңірінің әскерилерінен шамамен 50 өтінім келіп түсті.