«Әскери әулет» тұңғыш республикалық байқауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ресми түрде «Әскери әулет» алғашқы республикалық байқауы басталды. Ол отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, жанұя институтын нығайту мен дамытуға, өскелең ұрпақты патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу негіздері ретінде қазақстандық әскери қызметшілердің отбасына демеу болуға бағытталған.
None
None

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған байқауға Қарулы Күштерде қызмет атқарған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан әкелерінің, аналарының, аталары мен апаларының даңқты әскери дәстүрлерін жалғастыра отырып, қазіргі уақытта қазақстандық армияда қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер қатысып, отбасының ерекше құндылықтарын айтып бере алады.

«Әскери әулет» байқауы бүкіл елге ұрпақтан ұрпаққа әскери қызмет дәстүрін жалғастырып келе жатқан айбынды әскери қызметшілердің әулетін паш етеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өзіндік байқауына қатысуға ниет білдірушілерге жауынгерлік марапаттар, отбасы мүшелерінің еңбектері мен жетістіктері, дәстүрлері мен қасиеттері туралы әңгімелей отырып, өзінің әскери әулетінің портфолиосын ұсынулары қажет. Өтінімдер ағымдағы жылғы тамыздың 5-25 аралығында қабылданады.

Соңғы жаңалықтар