Әскери байланысшылардың командирлік даярлық бойынша жиыны болып өтті - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 44793 әскери бөлімінің базасында Семей гарнизоны құрамалары мен бөлімдері байланыс роталары командирлерінің командирлік даярлық бойынша жиыны өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери байланысшылардың командирлік даярлық бойынша жиыны болып өтті - ҚР ҚМ

Бұл жиынға 44793, 36803, 28738 және 35411 әскери бөлімдерінен 12 байланыс маманы қатысты.

Жиынның басты мақсаты - командирлердің әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, жеке құраммен тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізуге үйрету, сондай-ақ кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларды жетілдіру.

Жиында арнайы және тактикалық даярлық, барлау даярлығы, моральдық-психологиялық қамтамасыз ету, инженерлік даярлық, РХБҚ, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сабақтар өткізілді.

Бұлардың ерекшелігі кәсіби даярлықты, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы осы әскери бөлімнің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы байланыс мамандарымен курстық даярлық өткен болатын. Сабақтарға 80-ге жуық әскери қызметші тартылды, олар топтық және көрнекілік оқу-жаттығуларға қатысты. Байланысшылар далалық байланыс торабын өрістетіп, командалық-штабтық машинаның жаңғыртылған жабдығын көрсетті.