Әскери бөлімдегі жарылыс: Таразда 221 адам арнайы жатын орындармен қамтамасыз етілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімдігі Facebook парақшасында Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында болған жарылысқа байланысты тың деректерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери бөлімдегі жарылыс: Таразда 221 адам арнайы жатын орындармен қамтамасыз етілді

Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар,

- 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат болға аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Оның ішінде Тараз қаласында 221 адам арнайы жасақталған жатын орындармен қамтамасыз етілген.

Ал Жуалы ауданы Б. Момышұлы ат. ауылда 18 адам тиісті орындарға орналастырылды.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

«Аталмыш жағдай орын алған аумақта Жамбыл облысының басшысы Б.Сапарбаев, еліміздің Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин қадамдар жоспарын пысықтауда», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.