Әскери бөлімдерде қысқы оқыту кезеңі бойынша тексеру аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында бақылау тексерісінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери бөлімдерде қысқы оқыту кезеңі бойынша тексеру аяқталды

Тексеріс қысқы кезеңнің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейін айқындау мақсатында өткізілді. Бақылау тексерісі жеке құрамның машығын, жауынгерлік даярлық пен взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдердің, батальондар мен басқармалардың үйлесімділік деңгейін, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлар мен бағдарламалардың орындалу сапасын анықтауға бағытталды.
null 

2000-нан аса бөлімше тексерілді (оның ішінде, 1500-ден аса взвод, 500-ге жуық рота мен батарея, 150-ге тарта батальон, дивизион басқармасы). Жеке құрамның оқытылу деңгейі негізгі оқыту пәндері (тактикалық, тактикалық-арнайы атыс, дене, саптық даярлық, жарғы, МҚҚ) бойынша тексерілді. Сондай-ақ тексеріс шеңберінде взводтардың шамамен 1500 жауынгерлік оқ атуы, роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар және бақылау-кешенді сабақтар өткізілді.

Өткізілген сабақтар аясында 3000-нан аса бірлік жауынгерлік техника мен қару-жарақ тартылды. Жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, лауазымды адамдардың жұмысын ұйымдастыру жүйесі бойынша бақылау тексерістің қорытындысы бойынша подполковник Е.Б. Завгариннің қолбасшылық етуімен 14776 әскери бөлімінің бөлімшесі, подполковник Я.П. Илиадидің қолбасшылық етуімен Әуе қорғанысы күштерінің 97617 әскери бөлімі, капитан-лейтенант М. Баймұхановтың қолбасшылық етуімен Әскери-теңіз күштерінің 21814 әскери бөлімі, подполковник Ж.К. Ермұхановтың қолбасшылық етуімен Құрлық әскерлерінің 18404 әскери бөлімі жақсы жағынан аталып өтті.
null 

Әскерлердің бақылау тексерісі ойдағыдай әрі жоғары деңгейде өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық бойынша басшылықтың қойған кез келген тапсырмаларын сәтті орындауға әрқашан дайын екендігінің айғағы болып табылады.

null