Әскери борышын өтегендерді еліміздің 50 университеті тегін оқытуға ниетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 50-ге жуық университет мерзімді әскери қызметін атқарғандардың ҰБТ нәтижесінсіз, өз есебінен оқуытуға ниет білдірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде журналистердің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық университетпен келісім жасасты. Оқу орындары мерзімді әскери қызметін атқарғандарды қолдауға және оларды университет есебінен оқуға мүмкіндік беруге ниет білдірді. Тізім өзгеруі мүмкін. Тағы да бұл ұсынысқа қосылуға ниетті университеттер болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Қуаныш Ерғалиев.

Еске салайық, бұл уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әскери борышын өтегендерге білім гранты немесе жеңілдіктер қалай берілетінін түсіндірген еді.


Соңғы жаңалықтар